КЕЗЕКТІ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 31-ші сессиясы өтті.
 
Кезектен тыс сессиясына қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және сала басшылары қатысты.
 
Сессия барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды. Атап айтқанда:
1.Қалалық бюджетке өзгерістер енгізу.
2025–2027 жылдарға арналған қаржы жоспарына түзетулер енгізіліп, алдағы жылдарға арналған басымдықтар нақтыланды.
2.Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын жетілдіру.
Мұқтаж азаматтарға берілетін әлеуметтік қолдаудың мөлшері мен тетіктерін қайта қарау мәселесі қаралды. Бұл – қолдауды қажет ететін тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған шешім.
3.Қалаішілік және ауданішілік тасымалдау тарифі.
Қоғамдық көлікпен тұрақты тасымалдауға тариф пен сараланған тарифті белгілеуге келісім берілді. Бұл бағытта тұрғындарға қолайлы әрі тиімді жүйе қалыптастыру көзделуде.
 
Қабылданған шешімдер Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған.