ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ: КЕНТАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 278 НЕКЕ ҚИЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ: КЕНТАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 278 НЕКЕ ҚИЫЛДЫ
Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде жыл сайын Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
 
2025 жылдың сегіз айында Кентау қаласында 278 неке қиылып, 1149 бала дүниеге келді.
Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні 6 жұп шаңырақ көтерсе, 12 сәби дүниеге келген.
 
Маңыздысы, некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.
 
Сондай-ақ, әрбір азамат салтанатты неке қию рәсімін ақылы түрде тапсырыс бере алады. Ол үшін АХАТ бөлімдеріне жүгіну немесе «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш қалдыру жеткілікті.