КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ерекше форматтағы аулаішілік плоггинг тазалық шарасы өтті. Бұл жолғы шара қаладағы Т.Рысқұлов көшесіндегі № 55, 57, 59, Әл-Фараби 47, 49 тұрғын үйлердің ауласында ұйымдастырылды.


Әр аула өз аумағын қоқыстан тазартып, жабайы шөптерден арылтты. Аула тұрғындары мен ата-аналар белсенділік танытып, балалар “Бір қап қоқыс — бір балмұздақ” ұранымен тазалыққа үлес қосты. Шара соңында балаларға ойыншықтар мен балмұздақтар таратылды.

Тазалық шарасының мақсаты — өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды, туған жерін таза ұстауды үйрету. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларында жалғасатын болады.