Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жасырын қауіп – вейп» атты тақырыпта кездесу өтті.
Шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, ЭТҚ полковнигі Халымжан Маматаев, аталмыш департаменттің қызметкері Мырзабай Ермахан, Кентау қалалық полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары Азамат Сарсенқұлов және қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы ретінде Сұлтан Азат жүргізіп отырды.
Алғашқы сөзді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова алып, жастарға салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде ЭТҚ полковнигі Халымжан Маматаев электронды темекінің денсаулыққа зияны мен оның салдары туралы кеңінен түсіндіріп берді.
Сонымен қатар кездесуде қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформаларда жиі кездесетін интернет алаяқтық мәселелері де талқыланды. Бұл тақырып бойынша сөзді Кентау қалалық полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары Азамат Ерғалиұлы сақтыққа шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды.