Кентау қаласы, Панфилов көшесі №23 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, шатыры толығымен жанып кеткен болатын.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аталған мәселе назарға алынып, қажетті шаралар қарастырылды. Қазіргі уақытта шатырды қалпына келтіру және тұрғын үйдің кіреберіс бөлігіне сырлау жұмыстары жүргізілмек.
Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.