ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚАСЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚАЖЕТТІ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚАСЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҚАЖЕТТІ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Кентау қаласының тұрғыны Сымбат Анарбаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп, массаж орталығын ашты. Бұл қадамға оны өз өміріндегі ең үлкен себеп – ерекше баласы жетелеген. Баласын аяққа тұрғызу, денсаулығын жақсарту мақсатында және өзі сияқты ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсету үшін осындай орталық ашуды жөн көрген.
 
Грант қаражатына балаларға арналған гидро-ванна, ЛФК құрылғылары, артокофрик секілді қажетті жабдықтар алынды. Қазіргі таңда орталықта 6 маман жұмыс істеп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.
 
Сымбаттың бастамасы – тек кәсіп қана емес, мейірім мен қамқорлыққа негізделген әлеуметтік маңызы бар іс.