Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес әкімдер тоқсан сайын тұрғындармен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.
Осыған орай, қала әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Төлепов Байылдыр және Қарнақ ауылдарына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары жолдарды асфальттау, электр желілерін жаңарту, газдандыру мәселелерін көтерді. Ғалымжан Әнуарұлы әрбір сұраққа жеке тоқталып, ұсыныстардың назарға алынатынын және шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.