ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Кентау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Төлеповтың ауылдарға жасаған жұмыс барысы Хантағы ауылында жалғасты. Онда бірқатар нысандарды аралады.
 
Алдымен 1955 жылы пайдалануға берілген А.С. Пушкин атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мектепке соңғы рет 2016 жылы жөндеу жүргізілген. Қазіргі таңда шатыр жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
 
Одан кейін Ильич көшесі №2 көпқабатты тұрғын үйдегі жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Жоба аясында ғимараттың сыртқы қасбетін жаңарту, инженерлік жүйелерді ауыстыру және жалпы пайдалану орындарын қайта жаңғырту қарастырылған.
 
Ғалымжан Әнуарұлы тұрғын үй тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауапты мердігер мекемелерге жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін қатаң тапсырды.