Кентау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Төлепов Ащысай ауылының тұрғындарымен жүздесті. Басқосуға қалалық мәслихат депутаты мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар көшелерді жарықтандыру, жол суағарларын салу, мәдениет үйінің алдағы жұмыс барысы, медициналық және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.
Ғалымжан Әнуарұлы барлық ұсыныс-пікірлердің назарға алынатынын және оларды шешу үшін нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті. Бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, қаржының бөлінуіне қарай жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, әрбір мәселе тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.