12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Jas Sport Fest» атты жастарға арналған спорттық жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қала жастары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу болды.
Жарыс аясында садақ ату, тир ату, дартс және рогатка атудан командалық сайыстар өткізіліп, нәтижесінде 1 орын – Қорған, 2 орын – Алау, 3 орын – Сұңқар командалары жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, төрт спорт түрі бойынша арнайы номинациялар табысталды: Үздік садақшы — Юсупов Елдос, Үздік дәл көз мергені — Арман Мұқажан, Үздік нысана шебері — Асқар Жанас, Үздік тура көздеуші — Сейлбек Мерей.
Бұл шара жастар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.