КЕНТАУДА «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» ПЛОГГИНГ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының» ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында плоггинг жарысы өтті.

Шара Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аймағында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — жастарды белсенді өмір салтына баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға үндеу және жастардың жауапкершілік сезімін арттыру болды.

Жарыс нәтижесінде 1-орын «Тұран» командасына бұйырса, 2-орынды «Болашақ» командасы, 3-орынды «Қазына» командасы иеленді.

Табиғатты қорғау мен салауатты өмір салтын ұштастырған бұл бастама Кентау қаласының тазалығы мен көркеюіне бағытталған шара жалғасатын болады.