КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлеповтің төрағалығымен Кентау қаласы аумағындағы өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу шараларына қатысты кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ қаладағы сауда үйлері, базарлар және жанармай құю бекеттерінің иелері мен өкілдері қатысты.

Кентау қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов қала мен облыс аумағында тіркелген резонансты өрт оқиғалары туралы баяндама жасап, олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің жетекші инженері Дархан Сейтбек электр сымдарының тозуы өрттің негізгі себептерінің бірі екенін айтып, техникалық ақаулардың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Жиын соңында өрт қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.