МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласы әкімі аппараты басшысы Бауыржан Әбенұлының төрағалығымен жиналыс өтті. Жиынға ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен бөлім мамандары қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік органдардың өкілі ретінде сот отырыстарына қатысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі сөз болды. Бұл жөнінде қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы Сейфуллин Құрықбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, арыз-өтініштермен жұмыс жүргізу барысында заңнама талаптарын сақтау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді тіркеу, қабылдау, қарау және шешім қабылдау тәртібі туралы қала әкімі аппаратының құжаттандыру-әкімшілік бөлімінің бас инспекторы Райхан Сайдуалиева баяндап өтті.

Жиын қорытындысында анықталған кемшіліктерді жою және тиісті ұсыныстар әзірлеу туралы шешім қабылданды.