Кентау қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында қала әкімі Жандос Тасов көпқабатты тұрғын үй ауласында өткен плоггинг шарасына қатысты.
Игі бастамаға аула тұрғындары, ата-аналар мен балалар белсенді түрде атсалысты. Олар өздері тұратын аумақты қоқыстан тазартып, тазалық пен ұқыптылыққа үлгі көрсетті.
Шара соңында қала басшысы бүлдіршіндерге балмұздақтар мен ойыншықтар тарту етіп, олардың белсенділігіне алғысын білдірді.
Бұл бастаманың басты мақсаты — өскелең ұрпаққа туған жеріне жанашырлықпен қарауды, тазалықты сақтауды үйрету. Аталмыш шара қаладағы әрбір көпқабатты тұрғын үй аулаларында ұйымдастырылып келеді.
Тазалық – денсаулық кепілі. Ал оны сақтау – әр тұрғынның ортақ міндеті.