ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттықжиналыс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппарат басшысы, ауыл әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Әбілдаев мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің бас инспекторы - баспасөз хатшысы Жанна Әлімбаева әлеуметтік желілерден келіп түскен сын-пікірлер бойынша мониторинг жүргізіп, талдау нәтижелерін ұсынды. Ақпараттардың жариялану тәртібі туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Жалғас Жақаев баяндады.

Жиын соңында Кентау қаласының цифрландыру орталығының директоры Жасұлан Қожахмет секторлардағы анықталған кемшіліктер туралы баяндады.

Әр баяндамашының ұсынысын тыңдаған қала әкімі тиісті бөлім басшыларына тұрғындар көтерген мәселелерді назардан тыс қалдырмай, жедел шешім қабылдауды, жұмыс сапасын арттыруды және қоғамдағы сынға дер кезінде жауап беруді тапсырды.