
Ағымдағы жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық жобасы аясында Хантағы ауылында ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынған. №6 және №7 КТП-ларда ескі бағаналар заманауи тіректерге алмастырылып, трансформаторлық құрылғылар жаңартылуда.
Бұл жұмыстар электр энергиясының сапасын арттыруға, апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұтынушыларды үздіксіз әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.
Энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жасалып жатқан нақты қадам. Жобалық жұмыстар белгіленген мерзімге сай орындалуда.