Жандарбек Искаков – Кентау қаласы «Қазақтелеком» АҚ-да монтаждау қызметінде 1990 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Ол – 5 баланың әкесі, 7 немеренің атасы, көпбалалы отбасының тірегі. Байланыс саласына деген қызығушылығы әскерде жүрген кезінде ашылған. Әскери қызмет барысында байланыс бөлімінде жұмыс істеп, осы мамандықты игеруге бет бұрған.
Қазіргі таңда Жандарбек Есенбекұлы қала ішіндегі байланыс желілерінің сапалы жұмыс істеуіне жауапты.
«Қазақтелекомда 30 жылдан бері жұмыс істеймін. Бұл – жай ғана жұмыс емес, менің өмірімнің бір бөлшегі. Біздің жұмыс – көзге көрінбейді, бірақ әр үйдің жарығы мен байланысы бізге тікелей байланысты. Адал еңбек пен кәсібіңе деген сүйіспеншілік – басты ұстанымым. Президентіміздің жұмысшы мамандықтарға көңіл бөлуі бізге үлкен серпін береді», – дейді еңбек иесі.
Ұзақ жылдан бері өз еңбегіне адал қызмет етіп, ұжым арасында құрметке бөленген азамат.