
Бүгін Кентау қаласының бірқатар көпбалалы аналары мемлекеттік наградамен марапатталды. Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстап, аналарға зор ризашылығын білдірді.
Ақнұр Нұрәліқызы өз сөзінде аналардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектерін ерекше атап өтті.
Бұл игі шара — анаға деген шынайы құрметтің белгісі. Мұндай марапаттар отбасы құндылықтарын ұлықтап, қоғамда аналардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға оң ықпал етеді.