Кентау қаласының бас жоспары Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/236-VII шешімімен бекітілген және оны «ARGHIBUILD GROUP» ЖШС әзірлеген.
Бас жоспардың басты мақсаты — 2040 жылға дейін Кентау қаласының 10869 гектар аумағының әлеуметтік, экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын жүйелі дамыту.
Бас жоспар мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
- Табиғи жағдайлар мен ресурстар
— Қала орналасқан географиялық, климаттық, экологиялық жағдайлар зерттелген.
- Қала дамуының экономикалық негіздері
— Аймақтың өндірістік, инвестициялық және экономикалық әлеуеті ескерілген.
- Халық және жұмыс ресурстары
— Халық санының өсу болжамы, еңбекке қабілетті тұрғындар, жұмыс орындарын құру мәселелері қарастырылған.
- Әлеуметтік инфрақұрылым
— Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының құрылысы мен жетілдірілуі.
- Аумақты сәулеттік-жоспарлау ұйымдастыру
— Тұрғын, өндірістік, қоғамдық аймақтардың орналасу құрылымы, аймақтарға бөлу шешімдері.
- Көлік және көше-жол желісі
— Қалалық және қала маңы көлік инфрақұрылымының дамуы, жолайрықтар мен көлік тораптары.
- Аумақты инженерлік дайындау
— Жер бедерін өңдеу, су бұру, жер асты суларының деңгейін бақылау шаралары.
- Инженерлік қамтамасыздандыру
— Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен, жылумен, газбен қамтамасыз ету жүйелерінің жаңғыртылуы мен кеңеюі.
- Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
— Қала халқының саны, құрылыс көлемі, көлік жолдарының ұзындығы, инженерлік желілердің қуаттылығы және т.б. нақты көрсеткіштер.