ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, тұрғын үй, жер телімдері, инфрақұрылым мәселелері және өзге де өзекті сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.

Әрбір азаматтың көтерген мәселесі мұқият тыңдалып, бірқатары сол сәтте жауапты бөлім басшыларының қатысуымен шешімін тапты. Ал кейбір өтініштер бойынша заң аясында жан-жақты зерттеу жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қала басшысы тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді.