КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезекті 29-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті мекеме өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Кентау қалалық әкімдігінің және Түркістан облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалды;
  2. Қалалық тұрғын-үй шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің жұмысы туралы есеп берілді;
  3. Кентау қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспары бекітілді;
  4. Қалалық жер комиссиясының ережесі мен құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды (Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы №254 шешіміне сәйкес);
  5. Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы бұрынғы шешімге (2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83) өзгеріс енгізілді.

Сессия барысында маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты шешімдер қабылданды.