КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары Кентау қалалық жер қатынастары бөліміне жүргізілді.

Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мамандары қатысты.

Қоғамдық бақылау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы бақыланды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың сұраныстарына назар аудара отырып, өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңды болдырмай, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тиісті жағдай жасау, сондай-ақ, клиентке бағдарлану қағидасымен жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.