Жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында маусым–қыркүйек айлары аралығында Кентау қаласында орналасқан саябақтар мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шаралар күнтізбелік жоспарға сәйкес жүйелі түрде өтіп, балалар мен ата-аналардың белсенді қатысуымен ерекше көңіл-күйге ұласып жатыр.
Іс-шараның мақсаты - балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, дене қозғалысын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты пайдалы өткізуге баулу болып табылады.
Аула алаңшаларында ұйымдастырылған түрлі ойындар мен спорттық жарыстарға балалар үлкен қызығушылықпен қатысты. Балалардың қуанышына ортақтасқан ата-аналар да түрлі сайыстарға белсене атсалысып, көпшілікке үлгі көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бұдан бөлек, кенді қала — Кентауда жаз бойы түрлі спорттық жарыстар мен бұқаралық шаралар өз жалғасын табатын болады.