Кентау қаласында тұрғындардың қыс мезгіліндегі жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында магистральдық және ішкі орам жылу құбырлары кезең-кезеңімен жаңартылуда.
Қаладағы жалпы жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Оның ішінде:
•38,1 шақырым – магистральдық жылу желілері.
2024 жылы оның 6,6 шақырымы жаңартылды.
2025 жылға арналған 14,5 шақырым құбырды ауыстыру жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс қарқынды жүргізілуде.
•Ал 130,9 шақырым ішкі орам желілерінің 81 шақырымы үш кезең бойынша жаңғыртылуда. Бұл жұмыста жылу құбырларының диаметрін ұлғайту және жылу оқшаулауын қалпына келтіру басты назарда тұр.
Барлық жөндеу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл жобалар – тұрғындарға үздіксіз, сапалы жылу берудің кепілі болмақ.