Медициналық қызметкерлер күнінің орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты іс шарасы өтті.
Қала әкімдігінің аппарат басшысы Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, “AMANAT” партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров барша медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қала әкімдігінің аппарат басшысы Бауыржан Әбенұлы мамандығына адал, тынбай қызмет етіп жүрген бірқатар ақ халатты абзал жандарды қала әкімінің «Алғыс хатымен» және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Құттықтау барысында қалалық емханасының басшысы Нұрлан Джолдасбеков, қалалық орталық ауруханасының басшысы Асылбек Утебаев әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік шара мәдениет үйінің өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласып, ақ халатты абзал жандардың мерекелік көңіл күйін көтерді.
Жалпы, Кентау қаласында қалалық емханада 800-ге жуық және қалалық орталық ауруханада 550-ге жуық медицина қызметкерлері, одан бөлек, түрлі жекеменшік медициналық орталықтарда қаншама медицина қызметкерлері халыққа қалтқысыз қызмет етуде.