Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылына 12,3 шақырымды құрайтын диаметрі 500 мм жеткізуші газ құбыры тартылуда. Қазіргі таңда 4,8 шақырым газ құбырын салу жұмыстары жүргізілген.
Жұмыстар қазан айына дейін аяқталу жоспарланған. Одан бөлек, Қарнақ ауылындағы ішкі орам газ құбырының құрылысы жүзеге асырылуда.
Жалпы газ құбырының ұзындығы -139 шақырымды құрайды. Оның ішінде: жер астымен – 108 шақырым, жер үстімен 31 шақырым газ құбыры тартылмақ. Бүгінгі таңда 17,3 шақырым құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Қалаға қарасты Байылдыр ауылы көгілдір отынға қосылған. Ауылдың газ жүйесіне қосылатын жалпы 361 абонент бар. Қазіргі таңда оның ішінде 60 абонент газға қосылған.
Жалпы, Кентау қаласында 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 18 062 абоненттің 15 560 абоненті, яғни 85% табиғи газ жүйесіне қосылған.