КЕНТАУДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

КЕНТАУДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Кентау қаласындағы Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Ардагерлер ұйымы жанындағы Әкелер мектебі мен Әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты келелі жиын өтті.
 
Іс-шараға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Сұлтанұлы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Балымхан Әлібекқызы, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев, қалалық «Әжелер алқасының» төрайымы Роза Жұмабайқызы, «Әкелер мектебінің» төрағасының орынбасары Ануар Байменов, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектептегі «Әкелер мектебі» жетекшілері қатысты.
 
Кездесу барысында қатысушылар тәрбиелік бағыттағы баяндамалар жасап, тәжірибе алмасып, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
 
Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту және ұрпақ тәрбиесіне қоғам болып атсалысу.