КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАУ АЛДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАУ АЛДЫ
Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы жастар еңбек жасағының кезекті еңбек маусымы ресми түрде ашылды. Биыл маусым және шілде айларында NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 60 жасты жұмысқа тарту. Аталған жобаға биыл да қала жастары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің гүлденуіне өз үлестерін қоспақ.
 
Жобаның мақсаты:
– Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану;
– Қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру;
– Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру;
— Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
 
Еңбек маусымы барысында жастар қала көшелерін тазарту, ағаш отырғызу, көгалдандыру секілді игі істермен айналысады.
 
Жасыл ел – жарқын болашақ кепілі!