КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Кентау қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ғалымжан Төлеповтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.
 
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мекеме директорлары қатысты.
 
Күн тәртібінде Кентау қаласы мен ауылдық округтердің 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі бюджетінің орындалу барысы талқыланды. Атап айтқанда, бірқатар көрсеткіштерге ерекше назар аударылды.
 
Жиын барысында Ғалымжан Әнуарұлы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, салалық бөлім басшыларына бюджеттің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Сондай-ақ, көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.