КЕНТАУДА 1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

КЕНТАУДА 1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кентау қаласында мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі музыкалық және сахналық қойылымдар ұсынды. Қаланың шығармашылық үйірмелерінде тәрбиеленіп жүрген оқушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
 
Мерекелік кешке Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, балаларды айтулы күнмен құттықтады.
 
«Балалар – біздің болашағымыз, ең қымбат байлығымыз. Сіздерге шат-шадыман балалық шақ, денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Әрбір күніңіз қуаныш пен армандарға толы болсын!» – деді.
 
Сонымен қатар, мерекелік кешті қыздырған көңілді флешмоб пен ойындар балалардың көңілін көтеріп, оларға ұмытылмас әсер қалдырды.