
Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан уланудың алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың төрағалығымен өткен жиында қоғамдық тамақтану нысандарының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды.
Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Рабат қала аумағындағы мейрамхана, дәмхана және фастфуд орталықтарына қойылатын талаптар туралы баяндама жасап, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиын қорытындысында қоғамдық тамақтану орындарына тұрақты бақылау жүргізіліп, тұрғындардың тағам қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатыны атап өтілді.