КЕНТАУДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА

КЕНТАУДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА

Кентау қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік шаралары жаңашыл әрі ерекше форматта өтуде.

Ауқымды тазалық жұмыстарына қаладағы 30-ға жуық мекемеден 500-дей қызметкер, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 50 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылды.

Қала тазалығына бағытталған бұл шаралар мұнымен тоқтамай, тұрақты түрде жалғасын табуда.

Игілікті істің бір жаңашыл бағыты – қала тұрғындары арасында ұйымдастырылған “Қоқыс алып кел де, балмұздақ ал” атты плогинг акциясы болды. Бұл экологиялық бастамаға балалар мен жастар ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып жатыр.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да осындай креативті әрі тиімді экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.