Үлгілі мемлекеттік қызметші

Үлгілі мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Елдегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі зор. Өйткені, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың жетекшісі болып табылады.Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі этаптардан, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Көп ішінен іріктеліп, оза шыққан маман мемлекеттік қызметші атанады.

Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш-жігерді, тәжірибе мен білімді талап етеді. Осындай ұзақ жыл еңбек еткен үлгілі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Кентау қаласы әкімінің кеңесшісі Сүлейменов  Төрехан Жақашұлы.

Төрехан Жақашұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Ащысай поселкесінде 1963 жылы дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі 43 жылдан асады, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 38 жыл.

Еңбек жолын 1982 жылдан жұмысшыдан бастап, құрылыс мастері, одан кейін:

- 1986 жылы Кентау қаласы «Ачполиметалл» комбинатына карасты «Ащысай руднигінің комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады;

- 1988 жылы Кентау каласындағы «Ачполиметалл» комбинатының комсомол комитетінін хатшысы болып сайланады;

- 1992 - 2024 жылдар аралығында Кентау қаласы әкімдігіне қарасты төмендегі бөлімдер мен мекемелердің басшысы болып, сонымен қатар Кентау калалық мәслихат аппаратында кызмет аткарады, олар:

- Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы;

- Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы;

- Қалалық ақпарат және мәдениет бөлімінің басшысы;

- Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының директоры;

- Байылдыр елді-мекенінің әкімі;

- Кентау қалалық мәслихат аппаратының басшысы;

- Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы;

- Байылдыр ауылынын әкімі;

- Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

- Кентау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

- Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

- Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

- Кентау қаласы әкімінін кенесшісі – 2023 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі уакытқа дейін.

Осы жылдар аралығында жоғарыда көрсетілген барлық салаларда өзінің

білімін, тәжірибесін жұмсай отырып, жоғарғы жауапкершілік таныта, нәтижелі жұмыс атқарып, қаланың әлеуметтік, мәдени, экономикалык дамуына өз тарапынан зор үлесін қосты.

Осы жылдар арасында бірнеше марапатқа ие болды. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы маслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Жәнеде қала мен облыс әкімдерінің «Алғыс хаттарымен, қала және облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен, бұрынғы «НұрОтан» және қазіргі «Аманат» партиясының «Алғысхат» мақтау қағаздарымен марапатталған.

Сонымен қатар, кеңестік дәуір кезеніңде де сол уақыттағы жоғарғы органдардың бірнеше медальдерімен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Төрехан Жақашұлы «Лучшие люди в образований» халықаралық энциклопедияға енген, оның куәлігін алып, орденімен марапатталған.

Төрехан Жақашұлы өз саласының білгір, сауатты, тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси дамуына үздіксіз үлесін қосып келе жатқан құрметті азамат.

Төрехан Жақашұлы жас ұрпақ үлгі-өнеге алатын үлгілі мемлекеттік қызметші болып табылады.