КЕНТАУДА «ӨРТ–2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

 КЕНТАУДА «ӨРТ–2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Кентау қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында өткізілетін «Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов қатысты.

 

Оқу-жаттығу барысында қалалық азаматтық қорғаныс қызметтерінің, өрт сөндіру бөлімшелерінің, шұғыл әрекет ету жасақтарының және басқа да мүдделі құрылымдардың өзара іс-қимыл жасау қабілеті тексерілді.

 

Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Әнуарұлы оқу-жаттығу жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, төтенше жағдай туындаған сәтте жедел әрі үйлесімді әрекет етудің аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жауапты мекемелерге алдын алу шараларын күшейту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.