ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Іссапар аясында ол бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Сапар барысында Ермек Маржықпаев алдымен «Кентау трансформатор зауытына» барып, кәсіпорынның өндірістік процесімен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті. Зауыттың өндірістік қуаты мен инновациялық мүмкіндіктері кеңесшінің оң бағасын алды.

Келесі жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда биылғы жөндеу жұмыстарының барысына назар аударып, тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өңірдің одан әрі дамуына Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.