КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою және есепке алу функцияларын «Отбасы банк» АҚ-на беру процесі, тұрғын үй саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша жиын ұйымдастырылды.

Кездесуге Кентау қаласы әкімінің орынбасары Төлепов Ғалымжан және әкімдік мамандары, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев, банктың бірінші санаттағы маманы Мухаммади Декхонов, кеңесші Ардақ Ыдырысова қатысты.

Жиын барысында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою тәртібі, электрондық форматтағы өтініш беру жолдары, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары және «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үймен қамту механизмдері жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында халыққа тұрғын үй саясаты саласындағы өзекті ақпаратты қолжетімді түрде жеткізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жайы назарға алынды. Мамандар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берді.