
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда Кентау қаласында көгілдір отынға алғашқы болып қосылған Байылдыр ауылында үлкен қуаныш.
Қаншама уақыттан бері пеш қолданып, от жағып, жылына кемі 7-8 тонна көмір жағатын ауыл тұрғындары көгілдір отынның келгеніне дән риза.
Бүгінгі таңда, ауылда 12 шақырымды құрайтын газ құбыры жүргізілді. Байылдыр ауылында 1620 халық және 360 жеке тұрғын үй бар.