
Есірткі тасымалдау – оңай ақша емес, бұл – қылмыс.
Бір реттік «жұмыс» үшін бүкіл өміріңді темір тордың ар жағында өткізуің мүмкін. Көп жағдайда жастар «жеңіл табыс» үшін алданып қалады. Бірақ оның соңы – өкініш.
⚖️ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
есірткі заттарын тасымалдау, сақтау және тарату – ауыр қылмыс болып саналады. Бұл үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
✅ Таңдауыңды дұрыс жаса!
Заңсыз жолдан бас тарт – болашағыңды сақта!