ҰЛЫ ЖЕҢІС ПЕН ЕРЛІККЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ДОДА КЕЛЕС ТӨРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

ҰЛЫ ЖЕҢІС ПЕН ЕРЛІККЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ДОДА КЕЛЕС ТӨРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
ҰЛЫ ЖЕҢІС ПЕН ЕРЛІККЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ДОДА КЕЛЕС ТӨРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, батырлық пен ерліктің символына айналған, бірнеше жоғары әскери марапаттардың иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Самбет Саттаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған волейбол турнирі өтті.
Ересектер арасында ұйымдастырылған бұл еске алу турнирі Ошақты ауылдық округіне қарасты Самбет Саттаров елді мекеніндегі №51 Ы.Алтынсарин және Жиделі елді мекеніндегі №54 Т.Рысқұлов жалпы орта мектептерінің спорт залдарында өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына Келес аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шәулиев, «Аmanat» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ерлан Ахметов, Келес ауданының құрметті азаматы, Ұшқын ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбай Жұмағұлов, сондай-ақ Ошақты ауылдық округінің әкімі Мақсат Мырзамуратов қатысты.
Жарысқа Келес ауданының түрлі ауылдық округтерінен жиналған 12 команда қатысып, спорттық шеберлік пен ұйымшылдықтарын ортаға салды. Тартысты өткен ойында командалар жоғары деңгейде ойын көрсетті.
Жарыс нәтижесінде Қошқарата ауылдық округінің командасы 1-орынды жеңіп алса, 2-орын Ұшқын ауылдық округінің командасына бұйырды, ал 3-орынды Абай ауылының командасы иеленді. Бұл турнир — батыр бабалар ерлігіне тағзым ету және салауатты өмір салтын насихаттау мен ауыл жастарын біріктіретін маңызды спорттық шараға айналды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі