ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС

ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС
ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС
 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Келес ауданы әкімінің құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді елдік пен ерліктің символына айналған 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Бұл – тәуелсіз Қазақстанның қаһарман ұлдарын ұлықтайтын, батыр бабалар жолын жалғаған ер азаматтарға құрмет көрсететін айрықша күн. Бұл күн – ел шебінде тұрған әскери қызметкерлер мен ішкі тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға деген алғыс пен құрметтің көрінісі.
Қазіргі таңда Қарулы Күштер қатарында жүрген жас сарбаздарымыз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Олар отансүйгіштік рухты, жауапкершілікті, тәртіп пен адалдықты ту етіп, бейбіт елдің тыныштығын күзетуде. Біз олардың ерлігіне сенеміз, мақтан тұтамыз!
 
Сондай-ақ, ел тыныштығы жолында ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың есімін құрметпен еске аламыз. Олардың ерлігі – мәңгілік, өнегесі – өшпес мұра.
Құрметті аудан тұрғындары!
 
Отан қорғаушылар күні – әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататын мереке. Елге адал қызмет ету – бұл әрбіріміздің қасиетті борышымыз. Ендеше, болашақ ұрпаққа жарқын келешек қалдыру жолында бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болғай!
 
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, татулық пен бейбіт өмір тілеймін!
Еліміздің аспаны ашық, шекарасы тыныш, тұғыры биік болсын!
Мереке құтты болсын!
 
Ізгі тілекпен, Жәнібек Ағыбаев,
 
 
Келес ауданының әкімі