КЕЛЕС МӘСЛИХАТЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

КЕЛЕС МӘСЛИХАТЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

КЕЛЕС МӘСЛИХАТЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрхан Мережепов төрағалық етті. Жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде үш маңызды мәселе қаралды. Алдымен Келес аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс тыңдалып, тиісті түзетулер бекітілді.

Келесі мәселе Келес ауданы бойынша 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы болды. Аталған құжат мал шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып, ауылдық аумақтардың дамуына серпін береді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Келес аудандық мәслихатының «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, жаңартылған редакциясы қабылданды. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, орындалуын бақылау мәслихат комиссияларына жүктелді.

✔️Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі