КЕЛЕС ЖҰРТЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН АТАП ӨТТІ

КЕЛЕС ЖҰРТЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН АТАП ӨТТІ
КЕЛЕС ЖҰРТЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН АТАП ӨТТІ
 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Келес ауданында «Ұрпағы ұмытпаған – Ұлы Жеңіс» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – ел үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, өшпес ерлікті ұрпақ жадында жаңғыртуға бағытталған тағылымды бастама болды.
 
Мерекелік шара Келес ауданының орталығындағы «Жеңіс» саябағында басталып, Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Алғашқы бөлімде аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Жиналған жұртшылық үнсіздікпен құрмет көрсетті.
 
Мерекелік шараға қатцсқан аудан басшысы жиналған халықты мерекемен құттықтап, бейбіт өмірдің мәні мен ерліктің маңызын айқындайтын мазмұнды сөз сөйледі.
 
— Бұл күн – ерлік пен батырлықтың, бейбіт өмір мен азаттықтың нышаны. Ұлы Отан соғысына қатысып, жауға қарсы қайсарлықпен күресіп, келешек ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерліктері мәңгі жадымызда. Бұл – Отанға адалдықтың, ерлік пен қайсарлықтың, жауапкершілік пен азаматтық борыштың символына айналған айрықша мереке. Ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің күзетінде тұрған барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Әскери қызметтегі аға буынның ерлігі мен жас ұрпақтың отансүйгіштігі – еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілі, – деді Жәнібек Есенұлы.
 
Іс-шараның көркемдік мазмұны да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудан оқушылары әскери-патриоттық бағыттағы өнерлерін паш етіп, сахналық көріністер қойды. Ерлік пен елдік рухты ұштастырған флешмоб көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
 
Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламада Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары отансүйгіштік рухты көтеретін «Рух», «Құрлық әскері», «Қазақстан сарбазы» әндерін орындап, Жеңіс тарихының сырын сахналық қойылымдар арқылы жеткізді.
 
✔️Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі