КЕЛЕСТЕ АВИАЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Келес ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау бағытында шегірткеге қарсы жүйелі іс-шаралар қолға алынған. Бүгінгі таңда Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінің егістік алқаптарында ауқымды өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында арнайы мамандар мен заманауи техникалар жұмылдырылған. Құрлықтағы өңдеулермен қатар, шегірткеге қарсы күресте авиаөңдеу әдісі де қолданылуда. Әуе арқылы жүргізілетін химиялық өңдеу шегіртке ошақтарын кең ауқымда және тиімді жоюға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстар тиісті мекемелер мен жергілікті әкімдіктердің қатаң бақылауында. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын сақтау және егін өнімділігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.
Ауыл шаруашылығы мамандары тұрғындарды алаңдамауға шақырады. Зиянкестермен күрес шаралары кезең-кезеңімен жүргізіліп, барлық қажетті аумақтар қамтылады.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі