КЕЛЕС АУДАНЫ АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

КЕЛЕС АУДАНЫ АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
КЕЛЕС АУДАНЫ АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
 
Табиғатты аялау – ұлт болашағына жасалған маңызды қадам. Осы орайда Келес ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен өңірдің санитарлық тазалығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде өтті.
 
Аталған шара Келес ауданына кіреберіс арка маңынан бастау алды. Акция аясында А-15 республикалық маңызы бар жолдың бойы – нақтырақ айтқанда, Бесқұбыр ауылының бұрылысына дейінгі аралық толықтай қамтылды. Бұл – аудан қонақтарын қарсы алатын маңызды аймақтардың бірі. Сондықтан тазалық жұмыстары мұқият әрі ауқымды ұйымдастырылды.
 
Жалпы, сенбілікке 300-ден астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев, аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдік мамандары мен еріктілер бар. Бірігіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде жолдың екі бетінде өсіп кеткен шөптер орылып, айнала ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 5 000 дана ағаш әктеліп, 3 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
 
Айта кетейік, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасына сәйкес, әр аптаның жұма күні тазалық шараларын өткізу дәстүрге айналмақ. Бұл бастама тек тазалықпен шектелмей, тұрғындар бойында туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды көздейді.
 
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі