КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛАДЫ

КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛАДЫ
КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛАДЫ
 
Қазіргі таңда елді мекендерді жүйелі және қауіпсіз дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалары бұл салада қатаң талаптарды белгілейді. Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары – елді мекендердің келешегін айқындайтын негізгі құжаттар. Олар қалалар мен ауылдардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, ретсіз әрі заңсыз құрылыс салуға жол бермейді.
 
Келес ауданының орталығы Абай ауылында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бірқатар нысандарға мониторинг жүргізілді. Атап айтқанда, Араншы каналының бойында орналасқан құрылыс нысандары назарға алынып, олардың заңдылығына тексеру жұмыстары істелді. Мониторинг нәтижесінде бірқатар заңсыз салынған ғимараттар анықталып, иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заң бұзушылыққа жол берген 5 нысанды сүру туралы шешім қабылданды.
 
Аудан көлемінде заңсыз құрылыстың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл – тек әкімдік пен жауапты мекемелердің емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Құрылыс жүргізу барысында заңнама талаптарын сақтау – қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі. Мемлекеттік органдар бұл бағыттағы бақылау мен түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейтіп, заңсыздықтарға қатаң тосқауыл қоюды жалғастырады.
 
 
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі