Жыр майданындағы сардар
Ақын,Ұлы Отан соғысының ардагер Тоқаш Бердияровтың
100 жылдық мерейтойы
(1925-1988)
Тоқаш ( Торсықбек) Бердияров 1925 жылғы қыркүйек айының 19 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы «Келес» ұжым-шарына қарасты «Коммуна» бөлімшедегі «Ұшқын» елді мекенінде кедей отбасында дүниеге келді.
Азан шақырылып қойылған аты Торқысбай екен. 1930 жылы тұрмыс ауыртпалығына орай Ташкенттегі №6 балалар тәрбиелейтін мектеп – интернатқа қабыл-данады.Сонда жүргенде тәтті бауырсақты ерекше сүйсініп жейтін баланы маңай-ындағы қыздар Тоқаш деп атап кеткен көрінеді.
Осылайша, бұл оның өмір бойғы бойтұмары серігіне айналған. Одан кейін №23 қазақ балалар үйінде оқуын жалғастырып. 1938 жылы өзінің туған ауылына оралған. «Коммуна» жеті жылдық мектебін аяқтап үлгермей, 13 жасынан ұжымдық шаруашылық жұмыстарына араласып, мақташылар бригадасының табель жүргізушісі болып істейді. Кейін «Бесқұбыр» ауыл Кеңесінің хатшылық қызметін атқарған.
Ел басына ауыр күн туған сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында 17 жасар бозбала өзі сұранып майданға аттанады. ІV Украина майданында қатыгез жаумен шайқасады. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Ерлігі үшін», «Сталинградты азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медалдарымен марапатталған. Сол бір жылдарда оның кеңес жауынгерлерінің ерен ерлігін жырлаған өлеңдері алғаш рет жарық көрді.
Соғыс аяқталғанан кейін де әскер қатарында қалып, бес жыл Қызыл Тулы Балтық әскери – теңіз флотында теңізші болып қызмет атқарады. 1949 жылдың күзінде денсаулығына байланысты Тоқаш Бердияров әскери қызметтен біржола босатылған.
1950 жылы бейбіт елге оралған ол Алматыдағы көркемсурет училищесінде оқиды. Алайда, оқуын аяқтамайды. Өлең жазуға бет бұрды. Сөйтіп, баспасөз беттерінде туындылары жиі жариялана бастады. 1958 -1962 жылдары «Лениншіл жас» қазіргі «Жасалаш», «Қазақ әдебиеті» үнқағаздарының редакцияларында әдеби қызметкер болып қызмет атқарған. Ақын Т.Бердияров көп жылдар бедерінде бірңығай шығармашылық қызметте болды.
Оның «Шалқы теңіз» атты алғашқы кітабы 1952 жылы жарық көрді. Содан бері «Мен өмір сүремін», «Таңғы шопақ»(орыс тілінде), «Бейбітшілік көшесі», «Көгілдір ымырт», «Есік алды көк терек» барлығы жиырмадан астам өлеңдермен проза кітаптарын жазып жарыққа шығарды.Олар сыншылар тарапынан жоғары бағаланып, жұртшылыққа кеңінен танылды. Көптеген шығармалары КСРО халықтарының тіліне аударылды. Т.Бердияров ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, КСРО медалдарымен марапатталды.
«Менің тойым болған жоқ деп» өкінген ақынның көзі тірісінде 50, 60 жылдық мерей тойлары да кеңінен атап өтілді және өмірден озғаннан кейін 70 жылдық мерейтойлары атап өтілді. Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы Жазушы Тоқаш Бердияровты Кеңес әдебиеті саласында сіңірген еңбегі үшін және алпыс жасқа толуына байланысты Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен наградтады. Келестік жерлестері үлкен салтанат сәтінде аса зор құрметпен Тоқаш Бердияровқа ақбоз ат мінгізіп, үстіне мақпал шапан жапқан болатын.
Бұл тойға Тоқаш Бердияровтың досы Ғафу Қайырбековпен келген болатын.
Өмірінің соңғы жылдары ол Алматы қаласы, Гоголь көшесі №15 үйдің №69 пәтерінде тұрған еді. 1988 жылы шілде айының 29 жұлдызында Пайғамбар жасы 63- ке қараған шағында белгілі қазақ кеңес ақыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, республикалық дәрежедегі зейнеткер Т.Бердияров кенеттен қайтыс болды....( жалғасы бар)
Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз
бөлімінің библиограф: Г.Турдалина.