ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ
Келес ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.
Бүгін жоспарға сәйкес аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылып, 5 мыңнан аса адам қатысты. Тазалық шарасынының барысын аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қадағалап, тұрғындармен бірге сенбілікке қатысты.
— «Таза Қазақстан» акциясы - тек айналаны тазарту ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, халық арасында экологиялық насихат жүргізуді жандандыру қажет. Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты, - деді аудан әкімі.
Тазалық шарасы барысында аудан аумағындағы елді мекендерде көшет егу, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізіліп, Келес өзенінің бойы қоқыстан тазартылды. Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 10 техника жұмылдырылып, 2 000 дана ағаш, 1 500 түрлі гүл көшеттері егілді.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі