КЕЛЕС: ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданында пробация есебіндегі бақылауда тұрған азаматтар мен азаматшаларды қоғамға бейімдеу, олардың мұқтаждықтарын қарау, табыс табудағы кедергілерді талқылап туындаған мәселелерді жоюға арналған жиын өтті.
Осы мақсатта ауданға Түркістан облысы пенитенциярлық жүйесіндегі проблемалардың толық шешілуін қамтамасыз ету, бір жүйеге келтіруге бағытталған бірлескен «Жол картасы» аясында Түркістан облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Мықтыбаев Нарбек Нұртазаұлы бастаған жұмысшы топ келді. Жиынды Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев ашып берді.
Басқосуға Түркістан облысының жұмыспен қамтыуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Нұржан Нұрашов, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің бастығы А.Таңірбергенов Келес ауданы прокуроры орынбасары Н.Ағабеков қатысты.
Күн тәртібінде Түркістан облысы пенитенциярлық жүйесіндегі проблемалардың толық шешілуін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жол картасының орындалуы бойынша мәселелер қаралды. Оның ішінде аудандық пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмектер беру жұмыстары кеңінен талқыланды.
Жиынның қорытындысы бойынша жиынға қатысушы пробация есебінде тұрған әрбір азаматтың мәселесі жеке-жеке қаралып, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер берілді. Мәселен, әрбір азаматтың әлеуметтік санаты анықталып, жұмысқа орналастыру, «Бастау бизнес» бойынша грант алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, емханада ем алу, банкрот деп жариялау, лизингпен техника алу мәселелері қаралып, көмектер көрсетілетін болды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі