ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ЖӘНЕ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ЖӘНЕ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ
ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ЖӘНЕ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ
Келес ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы С.Жолдыбаев аудан әкімі аппаратындағы жұмыс барысын тексеріп, берілген тапсырмаларға жауаптылардың есебін тыңдады.
Өз кезегінде, салалар бойынша да жұмыс барысы тыңдалып, кемшілікке жол берген мемлекеттік қызметшілерге көрілетін шара қатаң болатынын, ішкі тәртіпті сақтау және халықпен етене жақын жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Жиын барысында барлық қызметшілерге жұмыс уақыты режимін сақтауды, міндеттелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауды, ғимаратты күтіп ұстауды және сенбілік тазалық шараларын атқару бойынша жұмыстарды тапсырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер іссапар кезінде, қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулары кезінде және қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі