«КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫ» ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЫ “ШЫМКЕНТ ДУМАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ҮЗДІК ӨНЕР КӨРСЕТІП "КӨРЕРМЕН КӨЗ АЙЫМЫ" НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

Шымкент қаласында “1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне” орай және сатирик, қоғам қайраткері К. Әмірбектің 75 жылдығына арналған “Шымкент Думан” әзіл-сықақ республикалық фестивалі өтті!

Фестивалдің гала концерті “ Tulip Hall” концерттік залында жалғасын тапты.
Бүгін сатира өнерінің шебері, қазақ сатирасының белгілі тұлғасы Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толу құрметіне республикалық "Шымкент - думан" сатиралық театрлар фестивалі бастау алғаны жайлы алдыңғы мақаламызда хабардар еткен болатынбыз.

Байқауға белгілі сатира әртісі Бауыржан Ибрагимов бастаған өнер тарландары қазылық еткені баршаға мәлім.
Бұл сатиралық театрлар фестивалі – күлкі арқылы шындықты айту дәстүрін жалғастырып, қазақ сатирасының жаңа биіктерге көтерілуіне жол ашады.

Осы ретте «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ халықтық театры республикалық фестивалде ауданымыздың тұғырын биік, абройын асқақтап және көрермендерге мағыналы ойсаларлықтай күлкі сыйлап, жоғары деңгейде үздік өнер көрсетіп "КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ" номинациясын жеңіп алды.